"Өлтіремін деп қорқытты": Павлодарда ер адам бойжеткенге шабуылдаған (ВИДЕО)

"Телефонымды бердім, ол телефоннан пин-кодты талап етті, содан кейін ақша бар ма деп сұрады, жоқ дедім..."

"Өлтіремін деп қорқытты": Павлодарда ер адам бойжеткенге шабуылдаған (ВИДЕО)
фото: дереккөз

Павлодарда көшеде қызға шабуылдаған ер адам видеоға түсіп қалды. Ол қыздан телефонын тартып алмақ болған, деп хабарлады paryz.kz, қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Павлодарлық 18 жастағы қыз бұл оқиға туралы Instagram желісіндегі парақшасында жазған.

"Маған кеше сағат 5-те Бектұров көшесінде шабуыл жасалды. 35-40 жас шамасындағы мас адам шабуыл жасап, аузымды жауып, телефонымды сұрай бастады. Мүмкіндігінше айғайлап, ұрып-соқтым. Ол өлтіремін, пышақтаймын деп қорқытты. Телефонымды бердім, ол телефоннан пин-кодты талап етті, содан кейін ақша бар ма деп сұрады, жоқ дедім. Ол жібергеннен кейін мен айғайлап, көмек шақыра бастадым" деп жазды қыз.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті ұсталды.

"Осы дерек бойынша жәбірленуші полицияға жүгінбеген. Сонымен қатар, видео бойынша Павлодар қалалық ПБ Орталық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы ("Тонау") бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жүргізілген жедел іс-шаралар нәтижесінде осы қылмысты жасаған күдікті ұсталды. Ол 31 жастағы павлодарлық болып шықты", - деді полициядағылар.