Хромтауда шахтадағы жарылыс салдарынан 4 адам қаза тапты

Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің тапсырмасы бойынша оқиға орнына жедел түрде мән-жайды анықтау үшін әкімнің орынбасары С.Бекбергенов және ТЖД қызметкерлері шықты.

Хромтауда шахтадағы жарылыс салдарынан 4 адам қаза тапты
фото: 24.kz

30 желтоқсанда 21:21-де (Ақтөбе уақыты бойынша) Хромтау ауданы өрт сөндіру бөлімінің пультіне Көктау кентінен 30 шақырым жерде орналасқан "Ақтөбе мыс компаниясы" ЖШС "Весенняя Аралчинская" шахтасында жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде 4 жарушының қаза тапқаны туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлады paryz.kz.

Оқиға орнында барлау жүргізу кезінде 1 адам зардап шегіп, 4 адамның қаза тапқаны анықталды. Қазіргі уақытта зардап шегушіні дәрігерлер тексеріп жатыр, оқиғаның себебі анықталуда.

Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің тапсырмасы бойынша оқиға орнына жедел түрде мән-жайды анықтау үшін әкімнің орынбасары С.Бекбергенов және ТЖД қызметкерлері шықты.