13.06.2023, 12:40

Димаштың атасы Құдайберген Айтбаев қайтыс болды

Фото: ашық дереккөз

Белгілі әнші Димаш Құдайбергеннің атасы қайтыс болды. Бұл туралы журналист Бауыржан Бабажанұлы facebook парақшасында жазды.

"Қазақты күллі әлемге танытқан Димаштың атасы, қадірлі ақсақалымыз Құдайберген аға дүниеден озды. Алла алдынан жарылқағай", - деді ол.