Елордада көппәтерлі тұрғын үйдің 12-ші қабатынан әйел мен бала құлады

Астанадағы «City lake» тұрғын үй кешенінің 12-ші қабатынан әйел мен бала құлап кетті, деп хабарлайды Paryz.kz.

Елордада көппәтерлі тұрғын үйдің 12-ші қабатынан әйел мен бала құлады
Фото: әлеуметтік желіден

Қайғылы жағдай күндізгі сағат 2 шамасында болған.

«9 маусымында сағат 14.19-да 102 арнасына Сығанақ көшесінде 12-қабаттың терезесінен бала мен әйел құлағаны туралы қоңырау келіп түсті. Оқиға орнына полиция қызметкерлері келді.  Әйел алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды, бала ауруханада қайтыс болды», - делінген Полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.   

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, сараптама тағайындалды. Полициядағылар ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайтынын мәлімдеді.