Жетісу облысында 15 жастағы қыз іздестіріліп жатыр

Панфилов ауданының Әулиеағаш ауылынан хабар-ошарсыз кеткен 15 жастағы Ербосын Айзере Қанатбайқызы іздестіріліп жатыр, деп хабарлады paryz.kz.

Жетісу облысында 15 жастағы қыз іздестіріліп жатыр
фото: әлеуметтік желіден

Жетісу облысы полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 4 маусымда кәмелетке толмаған қыз бала үйден белгісіз бағытқа кетіп, әлі оралмаған. Мектеп оқушысы қара жемпір, қара джинсы және ақ кроссовка киген. Жасөспірімнің белгілері: орташа денелі, көзінің түсі қоңыр, шашы қара, ұзын, иықтан төмен.

Кәмелетке толмаған қыз баланың жүрген жері, қайда екендігі немесе оған қатысты басқа да мәліметтер туралы білетіндер болса, облыс полициясына +7 705 519 1021, 707 786 4630, 771 492 1007 немесе 102 телефонына хабарлауы маңызды.