Ақтөбе облысында екі бала суға батып кетті

Ақтөбе облысында екі бала суға батып кетті, - деп хабарлайды  Paryz.kz mgorod.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбе облысында екі бала суға батып кетті
фото: mgorod.kz

Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға 27 мамырда Ырғыз ауданы Құрылыс ауылында болған.

Екі баланың Ырғыз өзеніне батып кеткені туралы ақпарат құтқарушыларға сағат 16:45-те түскен. Балалар бұзау іздеп үйден шығып, қайта оралмаған. Сағат 18:30-да балалардың бірінің денесі судан шығарылды, екіншісі әлі іздестіріліп жатыр. Олар 12 жаста болған.

Құтқарушылар, облыстық Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері, сүңгуірлер мен жергілікті тұрғындар екінші баланы іздеп жатыр.