Талдықорғанда жаяу жүргіншіні көлік қағып өлтірді

Талдықорғанда шетелдік көлік қаққан 50 жастағы тұрғын оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Paryz.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Талдықорғанда жаяу жүргіншіні көлік қағып өлтірді
Фото: polisia.kz

«Жол-көлік оқиғасы 23 мамырда кешке Абылай хан көшесінде болды. BMW автокөлігін тізгіндеген талдықорғандық 20 жастағы тұрғын белгіленбеген жерде жол бөлігін кесіп өтіп бара жатқан ер адамды қағып кетті. Жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды», - делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен бірге сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

«Жыл басынан бері облыста жаяу жүргіншілердің қатысуымен 52 жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 10 адам қаза тауып, 44 адам түрлі жарақат алған. Жетісу облысының полициясы жол қозғалысының барлық қатысушыларын ҚР жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Сіздің өміріңіз өз қолыңызда екенін ұмытпаған жөн», - дейді ПД өкілдері.