Тұрмысқа шыққанына 3 ай болған: Астана тұрғыны әйелінің маңдайын тіліп жіберген

Астана тұрғыны әйелінің маңдайын пышақпен тіліп жіберген. Абырой болғанда, келіншек аман, деп хабарлайды Paryz.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Тұрмысқа шыққанына 3 ай болған: Астана тұрғыны әйелінің маңдайын тіліп жіберген
фото: astana.tv

Телеарна хабарлауынша, жәбірленушінің тұрмысқа шыққаны 3 ай болған. Содан бері күйеуі тыныштық бермей ұрып соғады екен, тіпті бүгін қолына пышақ алып маңдайын тілгілеген

«3-4 рет осылай үндеген жоқпын. Менің жасым 31-де 91-жылғымын мен. Ал ол 68-жылғы, әкем сияқты ғой. Бірінші құлақ, сосын былай. Пышақпен былай ұрды», - дейді Айнұр.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, 102 нөміріне зорлық-зомбылық шағымымен күніне 40-50 қоңырау түседі. Былтыр бір жылда 17 мыңға жуық арыз тіркелген.

«Әйел адамның немесе жәбірленушінің денесінде жалпы өзінде қандай да бір зорлық-зомбылықтың іздері болса, сол арқылы және бейнежазба арқылы ауызша көршілерінің, туыстарының хабарламалары арқылы хаттама толтырылып, материалды сотқа жіберуге бізде мүмкіндік болады», - дейді Қалалық полиция департаменті Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Гүлмира Шрахметова.