Астанадағы салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйде жарылыс болды

Елордадағы салынып жатқан көпқабатты үйлердің бірінде өрт шықты. Тұрғындардың айтуынша, оқиға орнынан жарылысы дауыстары шыққан, деп хабарлайды Paryz.kz.

Астанадағы салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйде жарылыс болды
Фото: видеодан скриншот

«23 мамыр күні сағат 16:28-де Астана ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері Мұхаметханов көшесіндегі жаңадан салынып жатқан нысанда өрт шыққаны туралы хабарламаға шықты. Келгеннен кейін елордалық өрт сөндірушілер келген соң, 6 минуттан кейін 3 газ баллоны жарылған. Сондай-ақ 15 орамнан тұратын жабындық материал өртенді», - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Өрт сөндірушілердің күшімен өрт сағат 16:45-те оқшауланды. Өртті сөндіруге жеке құрамның 19 адамы мен 4 техника жұмылдырылған.