«Үшеуі бір отбасынан»: Жамбыл облысында 6 адам қайғылы жағдайда қаза тапты

Жамбыл облысында жол апаты алты адамның өмірін жалмады. Тағы алты жолаушы ауруханада жатыр. Екі науқастың жағдайы ауыр, деп хабарлады Paryz.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

«Үшеуі бір отбасынан»: Жамбыл облысында 6 адам қайғылы жағдайда қаза тапты
Фото: baigenews.kz

Салондағыларға куәгерлер көмек көрсете алмаған. Өйткені екеуінің де қол-аяғы әр жерден сынып, жедел жәрдемнің келуін күтуге мәжбүр болған. Болжам бойынша, жол апатына Лексус жүргізушісі кінәлі. 30 жастағы азамат қарсы бағытқа шығып кетіп, Тойота Альфардпен соқтығысқан. Ауыр жарақаттан екі көліктің жүргізушісі де оқиға орнында жан тапсырды. Тағы төрт жолаушы сол жерде ажал құшыпты. Жарақат алған алты науқас дереу ауруханаға жеткізілген. Оның екеуі жансақтау бөлімінде жатыр.

Әлеуметтік желіде қаза тапқан алты адамның үшеуі бір отбасынан екені айтылуда.