Алматы тұрғыны әйелді бір ұрып құлатты (ВИДЕО)

Алматыда белгісіз біреудің әйелді ұрған сәті видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Paryz.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы тұрғыны әйелді бір ұрып құлатты (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде бейтаныс ер адамның әйелге шабуыл жасап, ұрған сәтінен бейнебақылау камерасына түсіп қалған кадрлар жарияланды. Онда ер адам әйелді бетінен бір ұрып құлатады.

Видеоға қарағанда, оқиға Абай даңғылы мен Саин көшесі қиылысындағы үйлердің бірінің ауласында орналасқан көкөніс сататын дүңгіршек маңында болған.

Осыған байланысты Tengrinews.kz редакциясы пікір алу үшін қалалық Полиция департаментіне жүгінді. Кейінірек олар бұл факт бойынша тергеуді бастағанын хабарлады.

"Әуезов аудандық полиция бөліміне Алматы қаласының тұрғыны арызданған. Әйелдің айтуынша, 1992 жылы туылған бейтаныс азамат оны еш себепсіз ұрған.

Бұл факт тіркелді. Жәбірленушінің алған дене жарақатының ауырлығын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деді ПД баспасөз қызметі өкілдері.