Батыс Қазақстанда жол апатынан үш адам қаза тапты

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды    Paryz.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Батыс Қазақстанда жол апатынан үш адам қаза тапты
Фото: БҚО полиция департаменті баспасөз қызметі

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 20 мамыр күні сағат шамамен 23.05-те Орал қаласы маңында болды.

photo

«46 жастағы жүргізуші»Changan«автокөлігімен Подстепный - Меловые горки жолының 5-шақырымында қарсы бетке шығып кеткен. Содан 25 жастағы жүргізуші айдап келе жатқан»Volvo«жүк көлігінің жартылай тіркемесімен түйіскен. Соның салдарынан 45 жастағы жүргізушіге қоса 1977 және 2011 жылғы жолаушылар алған жарақаттарынан есін жимастан, оқиға орнында көз жұмды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды», деп хабарлады.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.