Шымкентте 72 жастағы зейнеткер аурухананың терезесінен құлап көз жұмды

Шымкентте 72 жастағы ер адам №1 қалалық аурухананың үшінші қабатының терезесінен құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Paryz.kz Otyrar.kz-ға сілтеме жасап.

Шымкентте 72 жастағы зейнеткер аурухананың терезесінен құлап көз жұмды
ФОТО: otyrar.kz

Қайғылы жағдай 18 мамыр күні түнде шамамен сағат 23:30-да болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, марқұмның мәйітінде зорлық-зомбылық белігілері болмаған.

Оқиға орнында хабарланғандай, зейнеткер өз-өзіне қол жұмсамақ болған соң ауруханаға түскен. Алайда бұл ақпаратты қалалық денсаулық сақтау басқармасы әлі растаған жоқ. Ол Айқап ықшам ауданындағы әл-Фараби ауданында тұрған, отбасы, бала-шағасы бар. Куәгерлердің айтуынша, осыдан бір-екі күн бұрын қарияға ұлы келген.

Қазір оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.