Петропавлда үш жасөспірім аяусыз соққыға жығылған

Петропавлда үш жасөспірім қатты соққыға жығылды, - деп хабарлайды Paryz.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Петропавлда үш жасөспірім аяусыз соққыға жығылған
фото: tengrinews.kz

Бұған дейін әлеуметтік желілерде 6 мамырда сағат 22:30-да қаладағы дәмханалардың бірінің маңында мас күйдегі алты жігіт кәмелетке толмаған екі жасөспірімді ұрып-соққаны туралы хабарлама тараған болатын.

Ішкі істер министрлігінің ресми Telegram-каналының мәліметінше, 7 мамыр сағат 00:58 шамасында Петропавл полициясына Интернациональная көшесінің бойында төбелес болып жатқаны туралы хабарланған.

"Жанжал кезінде белгісіз біреулер 16 жастағы үш жасөспірімге дене жарақатын салғаны анықталды. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша тіркелді. Бұзақылық жасады деген күдікпен 2003 жылы туған ер адам ұсталды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады полиция.