Алматы облысында бүтін бір отбасы көз жұмды

Алматы облысы Қарасай ауданы Елтай ауылдық округінде қайғылы оқиға болды. Бүтін бір отбасы, алдын ала болжам бойынша, тамақтан уланып қайтыс болған, деп хабарлайды Paryz.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. 

Алматы облысында бүтін бір отбасы көз жұмды
Фото: inbusiness.kz

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің Sputnik Қазақстан тілшісіне берген ақпараты бойынша, трагедия 4 мамырда болған.

"Елтай ауылдық округінде жеке тұрғын үйде 6 адам – 2 ересек және 4 бала белгісіз затпен уланғаны туралы хабар келіп түсті. Салдарынан 1984 жылғы ер адам (әкесі) және төрт бала (2010 жылғы қызы және 2008, 2013, 2018 жылғы ұлдары) қайтыс болды. 1985 жылғы әйел (анасы) Шамалған ауылындағы Қарасай көпсалалы ауданаралық ауруханасына жатқызылды. Жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде ", - дейді ведомстводағылар.

Үй екі қабатты, пеш табиғи газбен жылытылады. "АлматыГазСервис Холдинг" АҚ авариялық бригадасының қызметкерлері едендік газ пешін тексеру барысында газдың ағуын анықтамады, пеш жарамды күйде.
"Алдын ала себептердің бірі – тамақтан улану", - дейді баспасөз қызметі.
Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД-ның 2 қызметкері мен 1 техникасы, жедел медициналық жәрдем бригадасының 4 қызметкері мен 2 техникасы, Қарасай ауданының 3 қызметкері мен 1 техникасы, 3 қызметкер және 1 СЭС техникасы шықты.
Материалдар Қарасай ауданының полиция бөліміне тапсырылды.