«Күйдіріп тастаған». Полиция Семейде аяусыз соққыға жығылған әйел туралы айтты

Полиция күйеуінен аяусыз жәбір көрген семейлік әйелге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

«Күйдіріп тастаған». Полиция Семейде аяусыз соққыға жығылған әйел туралы айтты
фото: ПД

Ведомство мәліметінше, 3 мамырда Семей қаласының 30 жастағы тұрғыны отбасылық жанжал нәтижесінде алған дене жарақатымен медициналық мекемеге жүгінген.

"Бұл дерек Әуезов полиция басқармасында тіркелді. Қажет тексерулер жүргізіліп, сот-медициналық сараптамасы тағайындалды", - делінген полиция хабарламасында.

Жәбірленушіге барлық көмек, оның ішінде психологтың көмегі де көрсетілетіні хабарланды.