Ақтауда жасөспірім 6-қабаттан секіріп кетті

Ақтаудағы 4-шағын ауданда жасөспірім тұрғын үйдің 6-қабатынан құлап қайтыс болды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Ақтауда жасөспірім 6-қабаттан секіріп кетті
CC0 / Pexels /

Департаменттің хабарлауынша, қайғылы оқиға туралы хабарлама 2 мамыр күні 07:20-да түскен. 

«Жедел тергеу тобы оқиға орнына барды. Мән-жайды анықтау барысында жас жігіттің 6-қабаттан өзін лақтырып жібергені белгілі болды. Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге итермелеу») бойынша Ақтау полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу мүддесіне қатысты басқа ақпарат жарияланбайды», - делінген хабарламада.