Екібастұзда ішімдік ішкен екі әйел көшеде төбелескен (ВИДЕО)

Екібастұзда түнде төбелескен екі әйел полицияға жеткізілді, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Екібастұзда ішімдік ішкен екі әйел көшеде төбелескен (ВИДЕО)
коллаж: Azattyq Ruhy

Бейнекадрлардан төбелесіп жатқан екі әйелді ер адамдардың ажыратып жатқанын көруге болады. 

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 сәуірде сағат 00:25 шамасында Екібастұз қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне Энергетиктер көшесі, 103 көшесіндегі «Федор» дүкенінің жанында жанжал болып жатқаны туралы шақыру түскен. 

«Аталған факті тіркелді, екі әйел де полицияға жеткізілді. ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы – «спирттік ішімдік ішу және қоғамдық орында мас күйінде пайда болу» және ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы – «ұсақ бұзақылық» бойынша хаттамалар толтырылды»,- деп хабарлады департаментте.