Алматыда жантүршігерлік жол апаты видеоға түсіп қалды

Алматыда Саин көшесіндегі жантүршігерлік жол апаты видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Paryz.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Көше бойындағы аударылған көліктің видеосын куәгерлер жолдаған.

Алматы қаласы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 2 мамыр түнде болған. Mercedes көлігінің жүргізушісі Саин көшесімен келе жатып, Шаляпин көшесінің қиылысында Lexus көлігімен соқтығысқан.

"Жол апаты салдарынан Lexus көлігінің жүргізушісі жарақат алып, қалалық ауруханалардың біріне жеткізілді. Тергеу жұмыстарын Әуезов ауданының полиция қызметкерлері жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада.