Көкшетауда ағаш арасынан қапшыққа салынған адам сүйегі табылды

Көкшетауда ескі зират маңынан қапшыққа салынған адам сүйектері табылды, деп хабарлайды Paryz.kz

Көкшетауда ағаш арасынан қапшыққа салынған адам сүйегі табылды
Фото: azattyg. ruhy

КТК арнасының хабарлауынша, адам қаңқасын сол маңды жинастырып жүрген тұрғындардың бірі көріп қалған.

Аталған қорымға қазір адам жерленбейді. Бірақ тұрғындар туыстарының мазарын тазалауға келіпті. Сол сәтте бір әйел ағаш арасында жатқан қапшықты ашып қараған. Сөйтсе ішіне адамның басы мен өзге де сүйектер салынған екен.

Зәресі ұшқандар бірден полицияға хабарлапты. Қазір тәртіп сақшылары сараптама жасап, қаңқаның кімге тиесілі екенін анықтап жатыр.   

«Көкшетау полиция бөліміне хабар жетісімен, жедел тергеу тобы оқиға орнына барды. Қазір қапшыққа салынған сүйектер сот-медициналық сараптамасына жіберілді. Сараптама қорытындысы дайын болғаннан кейін ғана процессуалдық шешім қабылданады», - деді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің ресми өкілі Әсем Әбдірахманова.