Қызылордада екі ер адамның жанжалы кісі өлімімен аяқталды

Қызылордада ауруханада көз жұмған тұрғынға ауыр дене жарақатын салған күдікті анықталды, деп хабарлайды Paryz.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қызылордада екі ер адамның жанжалы кісі өлімімен аяқталды
фото: polisia.kz

24 сәуір күні полицияға қалалық ауруханадан 42 жастағы азаматтың жансақтау бөлімінде қайтыс болғаны туралы хабарлама түскен.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстары жүргізді. Тексеру барысында екі азаматтың өзара жанжалдасып, салдарынан жəбірленуші алған ауыр дене жарақаттарынан ауруханада қайтыс болғандығы анықталды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 106-бабының 3- бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру əрекеттері жүргізіліп жатыр. Бұл қылмысқа күдікті азамат оқиға орнынан бой тасалаған.

Жедел іздестіру шараларының нəтижесінде күдікті 38 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Ол УҰИ-ға қамалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мəн-жайы анықталып жатыр.