Талғар мен Есікте із-түзсіз жоғалып кеткен екі тұрғын өлі табылды

Талғар мен Есік қалаларында із-түзсіз жоғалып кеткен ер адам мен әйел өлі табылды. Олардың өлімінің мән-жайы айтылмады, - деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Tengrinews-ке сілтеме жасап.

Талғар мен Есікте із-түзсіз жоғалып кеткен екі тұрғын өлі табылды
instagram/volontery_almaty_lider.kz

1972 жылы туған Досымбеков Талғат Болатұлы биыл 9 сәуірде жоғалып кеткен. Түскі уақытта ер адам Талғар қаласындағы облыстық наркологиялық диспансердің ғимаратынан шығып кетіп, қайтып оралмаған. 

Есік ауылында 8 сәуірде 1951 жылы туған Панова Валентина Федоровна жоғалып кеткен. Зейнеткер Абай көшесіндегі үйден шығып кетіп, қайтып оралмаған. Әйелдің есте сақтау қабілеті нашарлағаны хабарланды.