Мұхтар Тайжан қамауға алынды

Мәжіліс депутатына экс-кандидат, саясаткер Мұхтар Тайжанды полиция ұстап әкетті, деп хабарлайды Paryz.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Мұхтар Тайжан қамауға алынды
Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы саясаткердің өзі Facebook парақшасында мәлім етті. Айтуынша, оны  9 сәуірде рұқсат етілмеген митингіге қатысқаны үшін ұстаған.

«Достар, полиция үйіме келіпті, әкетіп бара жатыр 488 бабымен, 09.04.23. митинг үшін. Алаңдамаңыздар!»,  – деп жазды ол.

Бүгін түсте Алматыда Тайжан мен жақтастары баспасөз жиынын өткізіп, жаңаөзендік мұнайшыларға қатысты мәлімдеме жасамақ болған.