Астанада жас қыз 12 қабаттан құлады

Астанада жергілікті тұрғын «Мирадж» ТК-ның 12 қабатынан құлады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Астанада жас қыз 12 қабаттан құлады
Фото: sputnik.kz

Қыздың 12 қабаттан құлағаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде пайда болды.

Елордалық Полиция департаменті ақпаратты растады.

«Осы жылдың 10 сәуірінде сағат 13:05-те «102» каналына Мұхамедханов көшесіндегі үйдің ауласында қыздың биіктіктен құлағаны туралы ақпарат келіп түсті. Полиция қызметкерлері қаза тапқандардың жеке басын анықтады», - деп хабарлады ПД.

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сараптамалар тағайындалды, тергеу жүргізіліп жатыр.