Қызылорда облысында жасөспірімді 5 бала жабылып соққыға жыққан сұмдық бейнежазба тарады

Қызылорда облысы Қазалы ауданында жасөспірімді жабыла сабаған бейнежазба жұрт жағасын ұстатты. Видеода оның ес-түссіз жатқанын көресіз, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Uaqyt.Info-ға сілтеме жaсап. 

Қызылорда облысында жасөспірімді 5 бала жабылып соққыға жыққан сұмдық бейнежазба тарады
Фото: видеодан скриншот

Жасөспірімнің таяқ жеген бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Видеода оның жерде ес-түссіз жатқанын көресіз. Ал айналасында өзге балалар басынан тоқтаусыз тепкілеп жатыр.

Бұл сұмдық жағдай жұрт жағасын ұстатты. Қоғам назарынан кейін полиция тергеу жұмыстарын қолға алған. Нәтижесінде жасөспірімді жабылып сабаған Әйтеке би кентіндегі №266 мектеп-лицейдің 5 оқушысы ұсталды.

Сонымен қатар полиция ұрып-соғу дерегі бойынша тергеу жұмыстарын жалғастырып жатқанын хабарлады. Тиісті сараптама тағайындалған. Ал таяқ жеген бала ауруханаға жатқызылыпты. Жағдайы қазіргі уақытта бірқалыпты.