Астанада 17 жастағы қыз терезеден секірмек болды

Елордалық ювеналды полиция инспекторы 17 жастағы қыздың өмірін құтқарып қалды деп хабарлайды Paryz.kz, Turkystan.kz-ке сілтеме жасап. 

Астанада 17 жастағы қыз терезеден секірмек болды
Сурет: Turkystan.kz

ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, полиция басқармасына Сауран көшесіндегі үйдің 9-қабатындағы терезеден бір қыз секіргелі отырғаны туралы қоңырау түскен.

«Оқиға орнына патрульдік полиция жіберілді. Тәуліктік кезекшілікте болған ювеналды полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Әсемгүл Құдайбергенова дереу жеткен. Полицейлер қыздың көпқабатты үйдің ашық терезесінде отырғанын және оған жақындап қалса, секіремін деп қорқытқанын анықтады. Әсемгүл Құдайбергенова санаулы секундтарда жасөспірімнің сеніміне кіруге тырысқан. Ол қолайлы сәтті пайдаланып, жүгіріп барып, қызды ішке қарай тартып кіргізген», – делінген хабарламада.

17 жастағы бойжеткеннің мұндай қадамға жас жігітпен жанжалдасуынан барғаны анықталды. Оған психологиялық көмек көрсетілді.

Әсемгүл Құдайбергенова ішкі істер органдарында 20 жылдан бері қызмет етіп келеді. Ол бес баланы тәрбилеп отыр.