24.03.2023, 10:06

Мереке күні із-түзсіз жоғалған ер адамның мәйіті табылды

фото: tengrinews.kz

Шығыс Қазақстан облысында Наурыз мерекесі күні жоғалып кеткен ер адам өлі табылды. Бұл туралы Paryz.kz ақпарат агенттігі Халық үні сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Еріктілердің Instagram-да жариялаған мәліметінше, 1982 жылғы Досжан Қасынғалиев 21 наурыз күні жоғалып кеткен. Сағат шамамен 15:00-де ер адам Шемонаиха ауданы Усть-Таловка ауылындағы үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайтып оралмаған.

23 наурызда ер адамның мәйіті табылған. Еріктілер оқиғаның мән-жайын айтпады.