Астанада мешіт қызметкерін пышақтап кетті

Астанадағы мешіттердің бірінде шаруашылық қызметкерін пышақтап кетті. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы мәлім етті деп хабарлады Paryz.kz.

Астанада мешіт қызметкерін пышақтап кетті
Фото: ашық дереккөз

Ауыр жарақат алған мешіт қызметкері дәрігерлердің бақылауында. Жағдайы ауыр.

Мешіттің шаруашылық жұмыстарын жүргізетін қызметкерді суық қарумен жарақаттаған күдікті ұсталды. Бұрын сотталған. Қазір тергеу жұмыстары жүргізілуде. Болған оқиға себептері анықталуда.

«Алдын ала жеткен мәліметтер бойынша қылмыстық оқиғаға отбасылық қақтығыстар, дәлірек айтқанда күдікті азамат пен оның әйелі арасындағы дау-жанжалдар себеп болған. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне қосымша ресми мәлімет берілетінін хабарлаймыз», – деп жазды А.Қонарбайұлы Facebook-тегі парақшасында.