Алматыда балалар ойнайтын ауладан ер адамның мәйіті табылды

Алматыда полиция танысын пышақтаған 22 жастағы күдіктіні ұстады, деп хабарлады paryz.kz. 

Алматыда балалар ойнайтын ауладан ер адамның мәйіті табылды
Фото: sputniknews.kz

Полиция мәліметінше, 15 наурызға қараған түні Самал-3 шағын ауданындағы балалар алаңқайының бірінен ер адамның мәйіті табылған.

Тәртіп сақшылары деректі Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркеді.  

Оқиғаның мән-жайын Медеу аудандық полиция басқармасы анықтап жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамдап ішімдікті бірлесіп ішкен. Содан кейін олардың арасында жанжал туындап, танысы 35 жастағы ер адамды пышақтап кеткен. Полиция қылмыстың ізін суытпай ашты. 2001 жылы туған Д. атты күдіктіні анықталып, қамауға алынды», - деп жазылған қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.