Жетісу облысында жол апатынан әйел адам қаза тапты

Жетісу облысында жол-көлік апаты салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Paryz.kz.

Жетісу облысында жол апатынан әйел адам қаза тапты
Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға бүгін, яғни 14 наурызда Алматы – Өскемен тасжолында болған.

«Кербұлақ ауданында Toyota Carina және JAC N80 автомашиналары соқтығысқан. Алдын ала анықталғандай, Toyota автокөлігінің 42 жастағы жүргізушісі Алматы – Өскемен трассасының 159-шақырымында жолды бөліп тұратын қоршауды соғып, инерция бойынша бір бағытта кетіп бара жатқан шағын литражды JAC жүк көлігімен соқтығысқан. Жапон иномаркасында болған 68 жастағы әйел қаза тапты», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ оқиға орнынан 70 жастағы ер адам мен 62 жастағы әйел түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Қазіргі кезде тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.