13.03.2023, 17:25

Алматы облысында ер адамды жасөспірімдер аяусыз соққыға жыққан

© Sputnik / Табылды Кадырбеков

Алматы облысында 49 жастағы ер адамды жасөспірімдер аяусыз соққыға жыққан, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға 7 наурызда түнгі сағат 02:00 кезінде болған. Бір сағат өткен соң жәбірленуші Есік қаласындағы ауруханаға жеткізілген. Соққыға жығылған азамат Таутүрген ауылының тұрғыны.

"Жедел іздестіру іс-шарасы барысында 49 жастағы ер адамға дене жарақатын салған 2006, 2007 және 2008 жылы туған үш кәмелетке толмаған күдікті ұсталды. Олар ер адамға дене жарақатын салғандарын мойындады", - деп мәлімдеді ведомство.

Күдіктілерге "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру" бабымен қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.