Қостанай облысында салмағы 7 келіге жуық алып қыз дүниеге келді

Қостанай облыстық ауруханасының перинаталдық орталығында салмағы 6,7 келі қыз дүниеге келді деп хабарлады Paryz.kz.

Қостанай облысында салмағы 7 келіге жуық алып қыз дүниеге келді
Фото: Kstnews.kz

Kstnews.kz сайтының мәліметінше, Әулиекөл ауданының тұрғыны Әйгерім Долдашева бала салмағының үлкен екенін алдын ала білген. Бала мерзімінде кесарь тілігі арқылы туды.

Салмағы үлкен баланың дүниеге келуіне аурухана қызметкерлері дайын болды. Бірақ олар бұған дейін 6 кг-нан артық салмақпен туған жағдай болған жоқ дейді.

«Перзенттің есімін Айару деп қойды. Бұл – отбасындағы үшінші бала. Айаруды анасымен бірге Әулиекөлде отбасы күтіп отыр. Жағдайы оңалғаннан кейін олар бірден үйіне қайтады», – делінген хабарламада.