06.03.2023, 21:10

Көлік ұрылары Алматы полицейлерінің қолына түсті

Сурет: Polisia.kz

“Ізін суытпай” 2000 және 2004 жылы туған екі ер адам ұсталды, деп хабарлайды Paryz.kz, Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Алдын ала болжам бойынша, олар Айнабұлақ ықшамауданындағы үйлердің бірінің ауласынан бөтеннің көлігін ұрлап кеткен.

– Біздің бөлімшенің криминалдық полиция бөлімі күдіктілерді ұстады. Олар өз қылмысын мойындады. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Ұрланған көлік тәркіленді. Ұсталғандардың осыған ұқсас басқа да эпизодтарды жасауға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр, – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов. Қылмыстық істің басқа да мән-жайлары ҚР ҚПК-нің 201-бабы және ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес жария етуге жатпайды.