«Қазір өлуге уақыт жоқ»: Желіде тасжолдағы күтпеген оқиғаның видеосы тарады

Желіде тасжолдағы күтпеген оқиғаның видеосы тарады, - деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Қазір өлуге уақыт жоқ»: Желіде тасжолдағы күтпеген оқиғаның видеосы тарады
Фото: видеодан скриншот

Видеоға тасжолдағы көлік түсірілген. Бұл оқиғаны артта келе жатқан көлік жүргізушісі видеоға түсіріп алған. Бір сәтте көлік жол бойында айналып, кейін жолдың шетіне шығып кетеді. Кадрларға қарағанда, көлік тасжолдың биік жиегінен аударылып түсіп, әрі қарай жүріп кеткені көрінеді.

Ал оқиғаны түсіріп келе жатқан көлік мұны көргенде бірден тоқтамақ болады. Бірақ көліктің тоқтамағанын көріп, таңғалысын жасыра алмайды.

Видеоға пікір қалдырған оқырмандар да көп. Бірі оқиғаға көңілді қараса, бірі жүргізушінің денсаулығына алаңдаған.

"Қазір өлуге уақыт жоқ", "Күнделікті жолы сиякты ғой үйреніп қалған", "Бұл жергілікті бала ғой, ылғи осылай бұрылады", "Сүйегі мықты ғой осы көліктердің, қазіргілер солай бір айналса төбесі мыжылып быт-шыты шығар еді", "Ішіндегі жүргізуші ауырып қалмады ма екен?" - деп жазады оқырмандар.