Алматылық "шумахер" жарты млн теңге айыппұл төлемек

Алматыда жол ережесін өрескел бұзған 22 жастағы жігітке жарты млн теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап. 

Алматылық "шумахер" жарты млн теңге айыппұл төлемек
Сурет: https://aif.ru/

Ақпараттық медиа-порталдың жазуынша, жол қозғалысы ережесін өрескел бұзу деректері әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықталған. Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаевтың айтуынша, бөлімшенің іздестіру бөлімінің қызметкерлері тексеріс жүргізген. Нәтижесінде әл-Фараби даңғылымен шығыс бағытта келе жатып, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған BMW автокөлігінің жүргізушісі анықталған.

"Оның әрекетінде 29 құқық бұзушылықтың белгілері байқалды. Оған қатысты ӘҚБтК-нің 595-бабы 1-бөлігі (маневр жасау ережелерін бұзу) бойынша 27 хаттама, тағы 2 хаттама ӘҚБтК-нің 606-бабы 1-бөлігі (апаттық жағдайды туындату) бойынша толтырылды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 534 мың 750 теңгені құрады", – дейді Ержан Ұзабаев. 

<iframe width="560" height="315" src="https://www.youtube.com/embed/JBiaJ_TXwfI" title="YouTube video player" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture; web-share" allowfullscreen></iframe>