Алматыда жаппай төбелес болды (ВИДЕО)

Алматыда студенттер жатақханасының жанында жаппай төбелес болды, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыда жаппай төбелес болды (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде таралды. Кадрлардан жаппай төбелеске шамамен 25-30 адам қатысты. Төбелестің себебі әлі белгісіз. Видео сипаттамасында бұл университет жатақханасының бірінде болғаны жазылған.

"Жаппай төбелестің видеосын түне жіберді. Видео авторының айтуынша жаппай төбелес Алматыдағы Сатбаев университетінің жанында болған", - делінген хабарламада.

ІІМ-нің мәліметінше, 23 ақпанда 23: 00-де Алматы қаласының Бостандық ауданында жастар арасында жаппай төбелес болған.

"Патрульдік полицияның бірнеше экипажы төбелес орнына барды. Нәтижесінде 11 қатысушы ұсталды. Бұзақылық дерегі бойынша ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды. Жанжалдың басқа жағдайлары анықталып жатыр", - деді полиция.