07.02.2023, 17:14

Талдықорғанда әкесін өлтірді деген күдікпен 18 жастағы жігіт ұсталды

Фото: ашық дереккөз

Талдықорған қаласының 18 жастағы тұрғыны әкесінің өліміне күдікті деп танылды, деп хабарлайды Paryz.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«6 ақпанда Көктал шағынауданындағы жеке үйлердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар 50 жастағы ер адамның денесі табылды. Белгілі болғандай, әкесімен сөзге келіп қалған ұлы ас үй табасымен әкесін ұрып өлтірген», - делінген хабарламада.

Қазіргі кезде ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Кісі өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қылмыс құралы тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына заттай дәлелдемелер ретінде тіркелді. Іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды.

«ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», - делінген хабарламада.