Павлодарда жүк тиегіш көліктің жүргізушісі жанып жатқан көлікті қармен сөндірді

Павлодарда банктердің бірінің филиалының алдындағы автотұрақта тұрған көлік жанып кетті. Оны қар күреп жүрген қызметкерлердің бірі жүк тиегіш көлігінің көмегімен сөндірді. Бұл туралы paryz.kz ақпарат агенттігі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Павлодарда жүк тиегіш көліктің жүргізушісі жанып жатқан көлікті қармен сөндірді
Фото: видеодан скриншот

Өрт туралы хабарлама 31 қаңтарда сағат 11.33-те түскен.

«31 қаңтар күні сағат 11:33-те 101 пультіне Торайғыров көшесі, 46/1 мекен-жайы бойында автокөліктің жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Жалын шыққан көлікті жақын маңдағы автотұрақта қар жинап жүрген «Горкомхоз» ЖШС - тракторист сөндірді. Ол автокөліктің өртенгенін байқап жиналған қарды жанып жатқан автокөлікке аудара салды», - деп хабарлады облыс ТЖД.

Жүк тиегіш көлік жүргізушісінің аты-жөні Едіге Жұмабеков екенін анықталды.