Қостанай облысына қарасты ауылда екі тұрғынды өлтіріп кетті

Қостанай облысына қарасты Надеждинка ауылында екі адамды өлтіріп кетті, деп хабарлайды Paryz.kz.

Қостанай облысына қарасты ауылда екі тұрғынды өлтіріп кетті
Фото: ашық дереккөз

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметіне, 23 қаңтарда жанып кеткен үйдің опырылған төбесінің астынан бір адамның және далада, қар астынан тағы бір адамның мәйіті табылған.

«Табылған екі мәйіт бойынша полицейлер ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі «Екі және одан да көп адамды өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдікті ұсталып, қамауға алынды», - делінген хабарламада.

Қазіргі кезде қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалды.

«ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу аясында мәліметтер жарияланбайды», - делінген хабарламада.