Алматыда спорт кешені өртенді

Өрт қаупі бәсеңдеді, сағат 8: 53-те өрт 1000 шаршы метр жалпы алаңда толығымен өшірілді.

Алматыда спорт кешені өртенді
Фото: дереккөз

Алматыда "Медина" спорт кешені өртенді, деп хабарлады paryz.kz.

Қалалық ТЖД күштері мен құралдары таңғы 7.55-те оқиға орнына келді. Бір қабатты "Медина" спорт кешенінің ангарлық спорт залы жалынға оранып жатты.

"Өрттің жақын маңдағы әкімшілік ғимаратқа өту қаупі туындады. Өрт оқпандары дереу беріліп, автоцистерналар гидранттарға орнатылды. Оқиға орнына жеке құрамнан 70-тен астам адам мен 19 техника жұмылдырылды, оның ішінде Алматы ТЖД мен өзара іс-қимыл қызметінің басшылығы", - деп хабарлады ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Өрт қаупі бәсеңдеді, сағат 8:53-те өрт 1000 шаршы метр жалпы алаңда толығымен өшірілді.

"Тағы бір спорт зал, 2 қабатты әкімшілік ғимарат, сондай-ақ қойма үй-жайы өрттен аман қалды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады ТЖМ.