Ақтөбеде екі көлік соқтығысып, біреуі көпірден құлап кетті

Ақтөбеде екі көлік соқтығысып, біреуі көпірден құлап кетті. Бұл туралы Paryz.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ақтөбеде екі көлік соқтығысып, біреуі көпірден құлап кетті
фото: Polisia.kz

18 қаңтар күні сағат 00.30 шамасында Ақтөбеде Заречный кентінің көпірінде Lexus көлігінің жүргізушісі Қарғалы тұрғын алабы маңынан жүре отырып, жылдамдықды сақтамай, Subaru көлігімен соқтығысып қалды. Салдарынан Lexus көпірден құлап кетті. Жол апатынан Lexus жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді - делінген ПД хабарламасында.

Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Оқиға орнын тексеру барысында жол бойында көктайғақ жоқ екені анықталды.