Полиция мәліметінше, 12 қаңтарда Павлодарда Суроганов көшесінің бойындағы мекемеге келушілер арасында жанжал туындап, оның барысында жанжалға қатысушылардың бірі – ҚР ІІМ оқу орталығының қызметкері газ тапаншасын қолданған.
ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі “Бұзақылық” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстай изоляторына қамалды.
Жанжалға қатысушылардың арасында бала күтіміне байланысты демалыста отырған Екібастұз қаласы ПБ қызметкері де бар – делінген ІІМ хабарламасында.