Алматы – Өскемен тас жолында КамАЗ бен жеңіл көлік соқтығысып екі адам тапты

Алматы – Өскемен тас жолында жол-көлік оқиғасы болды. Жол апаты салдарынан 2 адам көз жұмды, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Алматы – Өскемен тас жолында КамАЗ бен жеңіл көлік соқтығысып екі адам тапты
фото: Polisia.kz

Polisia.kz хабарлауынша аталған ЖКО фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Алматы – Өскемен автожолының 448 шақырымында жол-көлік оқиғасы болды. Hyundai Accent көлігінің жүргізушісі 50 жастағы ер адам рөлді басқара алмай, қарсы келе жатқан КамАЗ көлігімен соқтығысты. Оқиға орнында жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен 34 жастағы жолаушы әйел қаза тапты – деді облыстық ПД ППБ 5-взводының командирі Асхат Әмірхамзаев.