Талдықорғанда қазандықта жарылыс болды

Талдықорғанда қазандықта жарылыс болды, - деп хабарлайды Paryz.kz.

Талдықорғанда қазандықта жарылыс болды
Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде жарылыс болған жерден видео жарияланды.

Талдықорған қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жарылыс сағат 12:55-те Жетісу шағын ауданында болған.

"№1 қазандықтың екі қабатты ғимаратында жылыту қазандығы жарылып, терезе шағылды. Оқиға кезінде бір ғана қазандық жұмыс істеп тұрған. Қазір резервтегі қазандық іске қосылып жатыр. Зардап шеккендер жоқ. Ауа температурасы -11 градус. Жылу магистралінде 52 градус. жұмыс температурасы "бір сағат ішінде қалпына келтіріледі", - делінген хабарламада.