Ақтауда цистерна жарылып, бір адам қайтыс болды

Ақтау қаласының маңында жанармай цистернасы жарылып зардап шеккен екі адамның бірі ауруханада қайтыс болды деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Ақтауда цистерна жарылып, бір адам қайтыс болды
фото: Sputnik

Оқиға 7 қаңтарда сағат 21:00 шамасында Ақтау маңындағы «BBJ GROUP» ЖШС көлік компаниясының базасында болған.

 «Науқастардың бірі қайтыс болды. 1981 жылы туған екінші жігіт ауыр жағдайда. Оның бассүйек-ми жарақаттанған, оң аяғы мен оң иығы күйген. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр», – деп хабарлады аурухана қызметкерлері.

Қазіргі күні цистернаның не себепті жарылғанын жауапты органда анықтап жатыр.