25.12.2022, 09:42

Қызылорда облысында қайғылы жол апаты болды

Фото: Polisia.kz

24 желтоқсан күні сағат 10:50 шамасында Самара - Шымкент тас жолының 1270-ші шақырымында (Арал ауданы) жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Paryz.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz.

Алдын ала мәліметтер бойынша Lexus автокөлігі мен DAF жүк көлігі соқтығысқан. Апат салдарынан екі адам қаза тапқан.

Аталған дерек тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалған.