Жамбыл облысында тағы бір қайғылы жағдай бола жаздады

Отынмен жылытылатын пештің жарамсыздығынан газдан уланған.

Жамбыл облысында тағы бір қайғылы жағдай бола жаздады
Фото: ашық дереккөз

Жамбыл облысының Жалпақ төбе ауылындағы үйлердің бірінде төрт бала газдан уланған. Олардың барлығы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады paryz.kz, ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖД мәліметінше, балалар моншада отынмен жылытылатын пештің жарамсыздығынан газдан уланған.

"Улы газбен улану жағдайлары газдың толық жанбауынан орын алады. Онда адам ағзасына әсер ететін улы газ шығады. Бұл жағдайда моншаның мұржасы тазаланбағандықтан бітелген", - деп түсіндірді департамент қызметкері.

Ведомствоның мәліметінше, мұндай жағдайлардың саны жылыту маусымының басталуымен артып келеді.