Кентау қаласында Қазпошта бөлімшесі жанып кетті

Өрт сағат 23:20-да оқшауландырылып, 23:30-да толығымен сөндірілді.

Кентау қаласында Қазпошта бөлімшесі жанып кетті
фото: дереккөз

Түркістан облысының Кентау қаласында "Қазпошта" АҚ бөлімшесінен өрт шықты, деп хабарлады paryz.kz, Төтенше жағдайлар министрлігінің реми өкілі Талғат Уәлиге сілтеме жасап.

"5 желтоқсанда сағат 22:58-де "101" пультіне Кентау қаласында үш қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған "Қазпошта" АҚ кеңсесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен бойда, қоймада қағаз жанып жатқаны анықталды. Жалын 30 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт сағат 23:20-да оқшауландырылып, 23:30-да толығымен сөндірілді. Қаза қапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт себебі анықталуда", - деді Талғат Уәли.

Тілсіз жаумен күреске Түркістан облысы ТЖД-ның 14 қызметкері мен 4 техникасы жұмылдырылған.