Елордадағы «Артем» сауда үйіне "жарылғыш зат қойған"

"Бұл қылмысты жасады деген күдікпен 21 жастағы ер адам ұсталды", - делінген хабарламада.

Елордадағы «Артем» сауда үйіне "жарылғыш зат қойған"
Фото: ашық дереккөз

Алайда сауда орталығын тексеру барысында жарылғыш зат табылмады, деп хабарлады paryz.kz Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.          

Нұр-Сұлтан қаласы ПД Жедел басқару орталығының 102 каналына 25 қараша күні сағат 09:21-де «Астаналық» сауда орталығына («Артем») жарылғыш зат қойылғандығы хабарланды.

"Орталықты тексеру барысында жарылғыш зат табылмады. Полицейлер кешенді іздестіру жұмыстарын атқарды. Бұл қылмысты жасады деген күдікпен 21 жастағы ер адам ұсталды", - делінген хабарламада.

ҚР ҚК 273-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.