Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Жамбыл облысында бірнеше автокөлік соқтығысып, бір адам қайтыс болды. 

Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апаты болды
Фото: коллаж

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. 

Оқиға Шу қаласында болған. Куәгерлердің айтуынша, 6 көлік соқтығысқан.

Жамбыл облысы полиция департаментінің хабарлауынша, жол апаты 9 қыркүйекте түнгі сағат 01:37 шамасында болған.

«Mercedes-Benz» көлігінің 30 жастағы жүргізушісі Сейфуллин көшесі бойымен қатты жылдамдықпен келіп, «Volkswagen Golf 3» көлігін соққан. Көлік рөлінде 29 жастағы азамат болған.

Салдарынан «Volkswagen Golf 3» автокөлігі өртеніп, бір жолаушы қаза тапты.

Көлік жүргізушісі мен тағы бір жолаушы түрлі жарақатпен Шу қаласының орталық ауруханасына жеткізілді.

Полицияның хабарлауынша, апатқа байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тиісті сараптама тағайындалды.

Айта кетейік, «Mercedes-Benz» автокөлігінің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.